Здравствуйте! у меня к Вам просьба , сможете искать Шайкыстанова Сеилбека? он тоже без вести пропавший. Один человек попросил меня. С уважением Абдолла
Вот такая просьба поступила от Абдоллы.
По этой скудной информации удалось найти то,что я хочу разместить в теме,дабы не потерять.
После дополнения родственниками. Или уберу или дополню.
Номер записи 73213462
Фамилия Шайкистанов
Имя Сейлбек
Дата рождения __.__.1922
Дата и место призыва 15.12.1942 Джезказганский ОРВК, Казахская ССР, Карагандинская обл., Джезказганский р-н
Воинское звание солдат
Причина выбытия пропал без вести
Дата выбытия __.03.1944
Название источника информации ЦАМО
Номер фонда источника информации 58
Номер описи источника информации 977523
Номер дела источника информации 42
http://obd-memorial.ru/Image2/filterimage?path=Z/011/058-0977523-0042/00...
Если маму звали Шайхистанова Бидугул,то боец найден правильно.Из колхоза Сталина.
http://www.podvignaroda.ru/?n=22320043
http://podvignaroda.ru/filter/filterimage?path=VS/131/033-0686044-3079%2...
http://www.podvignaroda.ru/?n=10524502
http://podvignaroda.ru/filter/filterimage?path=Z/001/033-0682524-0851/00...
Re: Шайкыстанов Сеилбек
Я думаю и награды его.
Жизнь – это одна из удивительнейших загадок природы. У людей разное отношение к жизни, поэтому и живут все по – разному.
НЕ надо мстить - Мудрее будьте. Зачем вам горе от ума?!
Re: Шайкыстанов Сеилбек
Хатира, здравствуйте, еще раз! Вот этого Человека мы искали долгие годы, и вот с Вашей помощью нашли. Огромная вам благодарность. Абдоллла, человек, который по нашей просьбе искал нашего родственника, переписывался с Вами в ходе поиска своего родственника и в конце концов случилось то, чего мы уже не ожидали. Теперь, мы знаем, что он пропал без вести, имел награды, и горды за Него. В последующем, мы, родственники, хотели б знать можем ли получить официально подтвержденные документы Шайкыстанова Сеильбека? На награды, на то что он пропал без вести? Хотя мы с Вашей помощью имеем сканированные копии подтверждающих документов. Возможно ли это? С уважением, Гульзада Енсебаева. До свидания, буду ждать ответа.
Re: Шайкыстанов Сеилбек
Гульзада, добрый вечер!
В донесении где указано,что пропал без вести, дата призыва 15.12.42.
В документе о наградах 15.01.42. Думаю здесь произошла опечатка.
А Вы не знаете,когда его призывали?
Есть ли письма с фронтовым адресом?
Я тоже думаю,что его награды,т.к другого бойца с такими данными не нашла.
Но все же хотелось бы доказать,что речь идет именно о Вашем родственнике.
Если о нем,награды конечно же не дадут,но сканы документов с печатью ЦАМО можно получить.
Лучше сделать запрос через военкомат,чтобы подтвердили,что это Ваш дедушка.
Если поднять наградное дело,то можно посмотреть его домашний адрес и тогда со 100% уверенностью сказать,что именно о нем речь.
Я попросила своих знакомых,но смогут ли помочь пока не могу сказать.
И еще один вариант: личное посещение ЦАМО. Тогда будет быстрее.Но нужно торопиться,т.к в ЦАМО намечен переезд,а это значит,что доступ возможно будет прекращен пока все уладится.
Это про изменения в ЦАМО:
http://www.soldat.ru/forum/viewtopic.php?f=39&t=35685
Держите и меня в курсе дела. Удачи.
Жизнь – это одна из удивительнейших загадок природы. У людей разное отношение к жизни, поэтому и живут все по – разному.
НЕ надо мстить - Мудрее будьте. Зачем вам горе от ума?!
Re: Шайкыстанов Сеилбек
Гульзада, всегда рады будем помочь,если сможем. Пишите.
Гульзада,прочитайте тему и свяжитесь с автором.
Она получила ответ из ЦАМО.
Узнаете как все решить.
http://www.kremnik.ru/node/429895
Жизнь – это одна из удивительнейших загадок природы. У людей разное отношение к жизни, поэтому и живут все по – разному.
НЕ надо мстить - Мудрее будьте. Зачем вам горе от ума?!
Re: Шайкыстанов Сеилбек
Мне очень важно выяснить,на правильном ли пути я по наградам.
Так как адреса закрашены это очень сложно сделать.
Набралась наглости и попросила хорошего человека об услуге.
Это важно для для родных солдата.
Вот такой ответ получила:
Отписала родным.
Мне кажется мы на правильном пути,судя по их ответу:
В Учетной карточке награжденного местом жительства указана д. Беткомур того же района
Жизнь – это одна из удивительнейших загадок природы. У людей разное отношение к жизни, поэтому и живут все по – разному.
НЕ надо мстить - Мудрее будьте. Зачем вам горе от ума?!
Re: Шайкыстанов Сеилбек
– Сүйінші, Көбеке!
Осы бір-екі ауыз сөз адам жүрегіне қаншалықты жан азығын береді десеңізші! Адам ретінде мойындай отырып айтсам мұндай шуақты сөзді естімегеніме де көп болған. Сол бір тебіреністі сәтте ойыма келген алғашқы сұрақ – бұл қандай жағымды жаңалық екен деген сауал болды. Пенде емеспін бе:
– Айта бер, сүйіншің бола жатар, – дегенімше бол¬ған жоқ телефонның арғы жағынан:
– Майдангер Сейілбек Шайқыстанов атты нағашыңыз туралы жаңа деректер таптым, – деді хабарлаушы жігіт ерекше бір леппен.
Мұндай хабарды естимін деген ой, үш ұйықтасам түсіме де кірген емес. Мен абдырап қалдым. Сасқаным емес пе, аузыма ешқандай сөз түспей қалды сол сәт.
Хабарлаушы жігіт өзімнің ерекше құрметтейтін әріптес інім – Абдолла Дастанов – «Мысты өңір» газетінің бас редакторы. Бұл есім Жезқазған, Сәтбаев қалаларының газет оқырмандарына етене таныс – қаламы қарымды, сөзі жалынды журналист, ойлы да мазмұнды мақалаларымен оқырман қауым жүрегіне жылы шуақ шашып жүрген қаламгер. Міне, сол Абдолла інім «Шарайна» газетінде жариялана бастаған менің «Әжем¬нің көз жасы» атты деректі повесімді оқып, ондағы нағашым Сейілбек Шайқыстановтың Ұлы Отан соғысында опат болып, хабарсыз кеткендігі туралы шап-шағын деректі оқиды да Көбейсін көкемізді бір қуантайын деген игі ниетпен интернет арқылы іздеу са¬лады. Сәті түскенде Сейілбек нағашым туралы бізге бұ¬ған дейін беймәлім болып келген бірнеше тың деректер табады. Оның жан азығы – жақсы хабар жеткізіп, сүйіншілеуінің мәнісі осы. Осыған қалай сүйсінбессің?! Бар қолымнан келгені ініме шын жүректен шынайы рахметімді айтып жатырмын.
Осы хабарды естігеннен сәл бұрынырақ «Мысты өңір» газетінде Абдолланың «Мен атамды қалай таптым?» деген мақаласын оқығанмын. Шындықты мойындай отырып айтқанда «Атаңды тапқаның құтты болсын» дегенді әне-міне айтам деп самарқау жүргенде ол нағашым туралы жақсы хабарды да жеткізіп үлгерді. Бұл – үлкен адамгершілік, қаламгердің өмірге деген азаматтық көзқарасының айқындығы, өзінің қолға алған ісіне журналистік жауапкершілігі.
Абдолладан интернет сайтының кодын алғаннан кейін менің балаларым – ұлым Бақытжан мен келінім Гүлзада, тіпті немерем Қасым-Жомарт – бәрі компьютердің құлағына бірінен соң бірі сұрау салып, нағашым туралы нақтылы деректерді қағазға түсіріп, менен олар да сүйінші сұрап жатыр. Мәселенің мәнісіне келіп, сол деректерді саралап көрейін.
«Майдангер туралы дерек жазбаның номері – 72213462. Фамилиясы – Шайқыстанов. Аты – Сейілбек. Туған жылы – 1922 жыл. Әскерге шақырылған жері мен мерзімі – 15.12.1942 жыл. Қазақ ССР Қарағанды облысы, Жезқазған аудандық әскери комиссариаты. Тұрағы – «Сталин» колхозы. Анасының есімі – Бибігүл.
1-ші ерлігі: 1942 жылы Ржов қаласын жаудан азат ету майданында Червонное елді мекенінің жанында өзі жараланса да ауыр жараланған саяси жетекшіні соғыс алаңынан арқалап алып шығып, майдан даласы медициналық пунктіне жеткізген. Өзі дәрігерлік көмек алғаннан кейін сол жерде соғысқа қайтадан араласқан. «Ерлігі үшін» медалімен мараптталған.
2-ші ерлігі: Шайқыстанов Сейілбек. Әскери атағы – ефрейтор. Харьков атқыштар дивизиясы №227 атқыш¬тар полкінің 2-пулеметшісі. Бірінші Украин майданының Воронеж бағытында болған ұрыста опат болған №1 пулеметшіні алмастырып жалғыз өзі жауға үзіліссіз, пулеметтен толассыз оқ жау¬дырып, 8-атқыштар ротасының алға жылжуына мүмкіндік тудырған, сол арқылы Харьков ат¬қыштар дивизиясы 227-атқыштар полкінің жеңіске жетуіне жол ашты. Осы қаһармандық және өшпес ерлігі үшін жауынгер ВЛКСМ мүшесі Шайқыстанов Сейілбек ІІІ дәрежелі Даңқ орденіне ұсынылды. 227-атқыштар полкінің командирі майор А. Тка¬чев, штаб бастығы майор А. Соколов. 01.1944 жыл. Қолдары қойылған, мөр басылған. Жауынгер қатарынан шығу себебі – 03.03.1944 жыл хабарсыз кеткен. Арада тура 70 жыл өткенде, атын айтқанда, 03.03 2014 жылы балаларым ұлы нағашысы Сейілбек Шайқыстанов туралы жоғарыда айтылған нақтылы деректерді компьютер арқылы тауып, бәрімізді қуанышқа жеткізді.
Жан азығы – жақсы хабардың бізге жетуіне алдымен Абдолла Дастанов ұйытқы болса, оған жоғарыда айтылған дерек-дәйектерді тауып беруші Қазан қаласында тұратын өзбек қызы
кеңесшісі әрі модераторы Хатира Мансұрқызы Марданшина. Бұл екі абзал жүректі іні, қарындасыма әрі азаматтық, әрі ағалық алғысымды айтып, адамдары – етжақын туыстары Отан соғысында опат болған жандарды қуанта берудегі адамдық игі жұмыстарына игілік тілеймін.http://www.kremnik.ru
Ендігі арман – нағашым Сейілбек Шайқыстановтың майдандағы өмірінен басқа да жаңалықтар табылса, оның жауынгерлік ерлігінің белгісі орден, медальдары қолыма тисе, мен оларды әжем Бибігүлдің үлкен портреттерінің қасына қойып, оларға шаңырағымның төрінен орын берсем екен деймін. Аллаһтан тілегім осы. Ал, енді Ұлы Отан соғысында етжақын туыстарынан айрылғандарға айтарым –
http://www.kremnik.ru
сайты арқылы Хатираға хабарласыңыздар. Үмітіңіз үзілмесін. Қуа¬ныш¬тың ерте-кеші жоқ деген қазақ!
Көбейсін ЕҢСЕБАЕВ.
Жизнь – это одна из удивительнейших загадок природы. У людей разное отношение к жизни, поэтому и живут все по – разному.
НЕ надо мстить - Мудрее будьте. Зачем вам горе от ума?!
Re: Шайкыстанов Сеилбек
.
Жизнь – это одна из удивительнейших загадок природы. У людей разное отношение к жизни, поэтому и живут все по – разному.
НЕ надо мстить - Мудрее будьте. Зачем вам горе от ума?!